
Жаңа технологияны үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты қару ретінде пайдаланбақ. Diella албан тілінде «күн» деген мағынаны білдіреді, бұл символдық тұрғыда – ашықтық, тазалық және әділдік идеясын білдіреді. Эди Раманың айтуынша, Diella парақорлықты, мүдделер қақтығысын және қысым арқылы шешілетін келісімшарттарды мүлде жоюға мүмкіндік береді.
Алайда бұл қадам күмәнсіз қабылданған жоқ. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, Албаниядағы мемлекеттік тендерлер ұзақ жылдар бойы жемқорлық ошақтарының бірі болып келген. Көптеген сарапшылар елді есірткі мен қару-жарақ саудасының халықаралық желісімен байланыстырады. Бұл өз кезегінде Албанияның Еуропалық Одаққа кіру жолында үлкен кедергіге айналып отыр. Дегенмен, Эди Рама 2030 жылға қарай бұл мақсатқа қол жеткізуге ниетті.
Diella бұған дейін e-Albania мемлекеттік платформасында кеңінен қолданылған. Онда дәстүрлі албан киіміндегі жас әйелдің бейнесі арқылы халықпен байланыс орнатқан болатын. Енді бұл бот министрлік деңгейіне көтеріліп отыр.
Албанияның бұл шешімі – жасанды интеллектті мемлекеттік басқаруға енгізудің ерекше үлгісі болса, Польшадағы Познань қаласы жасанды интеллектті дін мен рухани кеңістікте қолдануда жаңа белеске көтерілді. Мұнда алғаш рет ChatGPT негізіндегі нейрожелі шіркеу ашылды.
Пайдаланушылар мобильді қосымша арқылы тіпті түнде келіп, шіркеуге кіріп, рухани кеңес ала алады. Бұл бастаманы жүзеге асырған приходский священник Радослав Раковский: «Көп адам таңертең жұмысқа барар алдында дұға жасағысы келеді. Кейбірі тіпті 21:00-ден кейін келеді. Сондықтан бұдан былай көпшілікке бұл ыңғайлы болмақ», – дейді.
Цифрлық шіркеу – тек дұға оқитын орын ғана емес, сонымен қатар әңгімелесу, кездесу және жұмыс кеңістігіне де айналған. Мұнда Wi-Fi, кофе-машина және санитарлық торап қарастырылған. Ал барлық процестерді ChatGPT-ге негізделген жүйе басқарады. Бұл жүйе смарт-үй технологиясына ұқсас жұмыс істейді және рухани сұрақтарға жауап беру үшін арнайы дайындалған.
Бір елде жасанды интеллект үкіметтің бір бөлшегіне айналса, екінші елде ол рухани сұхбаттың серіктесіне айналды. Бұл екі мысал да адамзаттың технологиямен қарым-қатынасының жаңа белесін көрсетеді.
Албания Diella арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресуді көздесе, Польша ChatGPT арқылы сенім мен діни кеңістікті заманауи етуге қадам басып отыр.
Екі жағдайда да басты сұрақ туындайды: жасанды интеллект адамзаттың сенімі мен болашағын қаншалықты сенімді түрде өз мойнына ала алады?
Айжан ӨЗБЕКОВА