Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түркістанда ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол салды

Түркістанда ер адам әйелін өлтіріп, өзіне қол салды
istockphoto.com
Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында отбасылық қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды arainfo.kz

56 жастағы ер адам 45 жастағы жұбайына қол көтеріп, ауыр жарақат салған. Әйел алған жарақатынан көз жұмса, ер адам артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Қайғылы жайтты ерлі-зайыптылардың балалары таңертең байқап, полицияға хабар берген. Оқиға орнынан ер адамның қылмыс себебін түсіндірген аудиожазбасы табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ерлі-зайыптылар шамамен 15 жыл отасқан, төрт бала тәрбиелеп отырған. Балалардың үлкені 13 жаста болса, кенжесі небәрі 4 жаста. Кенже бала мүгедектігіне байланысты мемлекеттен жәрдемақы алынып келген. Қазіргі таңда балалар мемлекеттік бейімдеу орталығына орналастырылды.

Көршілердің айтуынша, жанжал ұзақ уақыттан бері болып жүрген. Ал қайғылы жағдайдың балалардың көзінше орын алғаны белгілі болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар