
Қазақ халқы үшін ана тілін ардақтау – елдікті сақтау деген сөз. Өйткені тіл жоғалса, ұлт та өзінің болмысын жоғалтады. Сондықтан «Тілге құрмет – елге құрмет» деген сөздің мәні терең. Тілді сыйлау – ата-бабаның аманатын қастерлеу, ұрпаққа болашаққа жол ашу.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың парызы. Ана тілінде сөйлеу, жазу, оқыту – тек мемлекеттік міндет қана емес, жүрекпен сезініп, жан-тәнімен қолдауды қажет ететін қасиетті іс. Қай тілде сөйлесек те, ең алдымен өз ана тілімізді ардақтау – елге деген шынайы құрметтің белгісі.
Тілге құрмет көрсеткен қоғам – мәдениеті биік, болашағы жарқын қоғам. Әр азамат туған тілін құрметтеп, қолдана білсе, елдің бірлігі мен тұтастығы нығаяды. Сондықтан тілімізді қадірлеу – өз елімізді қадірлеумен тең.
Қазақ тілін- Ана тілді тез және оңай меңгеру үшін кішігірім кеңестерімен бөліскім келеді:
- Теледидар, әуендер, радио және әлеуметтік желілердегі тақырыптарды қазақ тілінде көру, тыңдау;
- Тұрмыста күнделікті көбірек ана тілде сөйлеу;
- Қазақ тілдегі кітаптарды оқу, мақал-мітелдерді , жаңылтпаштарды жаттау.
Райхан АХМЕТОВА,
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соты әкімшісінің бас маман - сот отырысының хатшысы
Конституция – құқықтық мемлекеттің іргетасы
Ұқсас жаңалықтар
«1000 көшбасшы» жобасы: жаңа буын мектеп директорлары даярлануда
- авторAR-AY
- 9 қыркүйек, 2025