
Әли Әлиев бұл қызметке биыл қаңтар айында келген еді, деп хабарлайды arainfo.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев команда нәтижесі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кететінін мәлімдеді.
Бұл шешім Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін қабылданды. Бұған дейін ұлттық құраманың Уэльстен 0:1 есебімен жеңілгені белгілі. Жалпы алғанда, іріктеу кезеңінде Қазақстан 5 ойын өткізіп, тек Лихтенштейнге қарсы кездесуде ғана жеңіске жетті.
Әлиев құрама тізгінін биыл қаңтарда ұстап, ресейлік Станислав Черчесовты алмастырған еді.