
Айта кету керек, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 миллиард 369 миллион көшет, ал Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл көшеттерінің 48,7 миллион данасы отырғызылды. Өткен жылдың соңында Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 миллион көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды, онда агротехникалық талаптарды ескере отырып, 10 гектар алаңда сексеуіл тұқымы егілді.
2025 жылы ауданы 15 гектар питомникті жобалау және Аралдың құрғаған табанында тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлер үшін өндірістік модульдер (контейнерлер) жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы экологиялық мәселелерді шешуге халықты тікелей араластыру мақсатында @TazaQazBot сервисі іске қосылды. Аталған платформа арқылы 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы орындалды.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі қалдықтармен жауапты жұмыс істеу екенін атап өткен жөн. Елімізде жыл сайын 4,5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі, бұл ретте оларды қайта өңдеу деңгейі өткен жылы 25,8 пайызды құрады. Жағдайды жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар саласы бойынша 67 жоба мақұлданды. Қалаларда экобокстар мен фандоматтар орнатылуда.
Биыл ғарыштық мониторинг деректері бойынша 2707 полигон тіркелді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай аз. Бүгінгі күні олардың 672 объектісі немесе 24 пайызы жойылды.
Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін (қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, кәдеге жарату, шығару және көму), оның ішінде заңсыз полигондарды жою бойынша жеткіліксіз жұмыс үшін 87 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Таза Қазақстан» бастамасы халықты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық мәдениетке баулу, энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға үнемді көзқарас қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін оларды бөлек жинау әдетін, патриотизмді, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған.
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің баспасөз қызметі