
Сонымен қатар қоғамдық орындар мен көшелерді қоқыстан тазарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту да осы акцияның көздеген мақсатының бірі.
Акция барысында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналаны қоқыстан арылту, көшелерді аббаттандыру және көгалдандыру шаралары жүзеге асырылды. Бұл іс-шара қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, жастарды табиғатты аялауға шақыруға бағытталған игі іс.
Акция аясында шаһарда тазалық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мысалы, Саңырақ батыр көшесі тазартылып, көше бойында шашылған қоқыстар жиналды. Экологиялық акцияға облыстық жастар ресурстық орталығының, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары бір кісідей атсалысты. Акцияға барлығы 60-қа жуық жас қатысып, Тараз қаласының тазалығына өз үлестерін қосты.
Осындай игі бастамалардың барлығы да өскелең ұрпақтың туған жерге деген жанашырлығын, жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Сымбат ҚУАНЫШ