Жаңалықтар
20 жылдан кейінгі кездесу: полиция тұрғынға туған әпкесін табуға көмектесті
- author AR-AY
- Бүгін, 14:37
- 31

Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері құқықтық тәртіпті ғана емес, адамгершілікті де жоғары қоятынын тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды arainfo.kz cайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалып кеткен әпкесін іздеуден ешқашан үміт үзбеген. Осы арман жетегінде ол Үштөбеге арнайы келеді. Қала көшелерінде жүрген кезінде тұрғын учаскелік инспекторлар Айбек Қази мен Талғат Есқожановқа жолығып, жағдайын баяндайды.
Полиция қызметкерлері оның өтінішін назардан тыс қалдырмай, дереу іздестіру шараларын қолға алады. Жүйелі жұмыс нәтижесінде олар бауырларды табыстырып, көп жылдық сағынышқа нүкте қойды.
Әпкесін қайта қауышқан әйел тәртіп сақшыларына шексіз алғысын білдірді.