Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тоғызкентте жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Тоғызкентте жаңа өрт сөндіру пункті ашылды
Автор
Бүгін Тоғызкент ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру пунктінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Нысан республикалық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Бұл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы келіп қатысты. Ол құттықтау сөзінде:

«Ел ішінде төтенше жағдай орын алған сәтте жедел әрекет ету – басты міндетіміз. Жаңа пункт ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтеді», – деп атап өтті.

Мұнан соң Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан ашылып отырған пунктің жұмысына табыс тіледі. 

Жаңа бекеттің лентасын  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және ҚР құрметті депутаты, медицина саласының ардагері Жаңатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев салтанатты жағдайда қиды. 

Сондай - ақ, барлық ауыл тұрғындарының атынан Тоғызкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Еркінов сөз сөйлеп, осындай игі істерге ұйытқы болған Төтенше жағдайлар министрлігіне және облыс басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар