Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл гранттардың 99%-ы игерілді

Биыл гранттардың 99%-ы игерілді
culture.ru
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша талапкерлердің басым бөлігі жоғары білім алуға қажетті шекті баллды еңсерді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылы ҰБТ-ға 210 мыңнан астам түлек қатысқан. Соның ішінде 160,5 мың талапкер немесе 76,3 пайызы шекті балдан жоғары нәтиже көрсеткен.

Мемлекеттік білім гранты конкурсына 113 мыңға жуық өтінім түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға биыл 93 232 грант бөлінген, оның 77 мыңнан астамы — жоғары білім бағдарламаларына арналған.

«Конкурс қорытындысы бойынша гранттардың 99 пайызы игерілді. Қазіргі кезде барлық жоғары оқу орындарына қабылдау аяқталды», — деді вице-министр Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, 7 тамызда мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар