Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу қолжетімді бола түсуде

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу қолжетімді бола түсуде
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды arainfo.kz

Елімізде онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді барлық өңір тұрғындары үшін қолжетімді ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында 6 жаңа заманауи сәулелік терапия орталығы ашылды.

Онкология орталықтарын жабдықтауға 31 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 39 млрд теңгеге инвестициялық келісім жасалып, оның аясында Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында ПЭТ/КТ-орталықтары орнатылады. Сонымен қатар Ядролық физика институтында циклотрон кешені құрылады. Бұл қадамдар обырды диагностикалауды жаңа деңгейге көтеріп, өңірлерді озық технологиямен қамтуға жол ашады.

Өңірлік онкология орталықтарының базасында 17 сараптамалық эндоскопиялық орталық іске қосылды. Соның нәтижесінде қатерлі ісіктерді ерте анықтау көрсеткіші 2023 жылғы 30%-дан 31,4%-ға дейін артты.

Кешенді шаралар ерте диагностика үлесін ұлғайтуға, жоғары технологиялық хирургиялық операциялар мен сәулелік терапияны өңірлерде қолжетімді етуге, онкологиялық қызмет кадрлық әлеуетін күшейтуге және төсек қорын халықтың қажеттілігіне сай тиімді бөлуге бағытталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар