Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде футболмен тұрақты түрде 1 миллионнан астам адам айналысады

Елімізде футболмен тұрақты түрде 1 миллионнан астам адам айналысады
pexels.com
Қазақстанда футбол қарқынды дамып, халықаралық аренада жетістікке жетіп келеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Футбол – еліміздегі ең танымал бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Салауатты өмір салтын насихаттау және ұлт денсаулығын нығайту мақсатында футболды дамыту жүйелі түрде жүргізілуде.

Бүгінде «миллиондардың ойынымен» 1 миллионнан астам қазақстандық тұрақты түрде шұғылданады. Оларды 7,3 мыңнан астам жаттықтырушы дайындайды. Ел аумағында жүздеген стадион мен манеж, 400-ден аса дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 7 мыңнан астам футбол алаңы жұмыс істейді. Ал «Астана-Арена» мен Алматыдағы Орталық стадион УЕФА стандарттарына толық сәйкес келеді.

Балалар мен жасөспірімдер футболына ерекше көңіл бөлінген: бүгінде спорт мектептерінде 40 мыңнан астам өрен дайындықтан өтуде.

Жүйелі еңбектің нәтижесінде қазақстандық футбол халықаралық деңгейде де жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орын алып, жоғары дивизионға жолдама алды. «Астана» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаса, өзге клубтарымыз Еуропа және Конференциялар лигаларында бақ сынап жүр.

Футзалда да айрықша табыстар бар: ұлттық құрамамыз Еуропа және әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды, ал алматылық «Қайрат» екі мәрте УЕФА кубогын жеңіп алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар