Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құтқарушылар қоғамдық істерде де белсенді

Құтқарушылар қоғамдық істерде де белсенді
Автор
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тек төтенше жағдайлардың алдын алумен шектелмей, қоғам өміріне де белсенді үлес қосып жүр. Тілсіз жау, яғни тұрмыс жағдайындағы қауіп-қатер және табиғи апаттармен алысқан құтқарушылар халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндірумен қатар, әлеуметтік және мәдени шараларға да атсалысады.

Мәселен, жақында Тараз қаласында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының №1  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлері «Flo» аяқ киім дүкенінде өрт-тактикалық жаттығу өткізді. Сценарий бойынша екінші қабатта электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шартты өрт шықты. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 10 адам қатысып, екі техника жұмылдырылды. Ерекше назар газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының әрекеттеріне аударылды, олар ошақты табуды және өртті сөндіру үшін оқпанды жалынға бағыттау мәселесін пысықтады. Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін құтқарушылар дүкен қызметкерлерімен әңгіме өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Сол күні қала қонақ үйлерінде де алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды, персоналға қонақтарды эвакуациялау тәртібі мен өрт сөндіргіштерді және өрт крандарын пайдалану ережелері түсіндірілді.

Сол секіді Сарысу ауданында төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері қонақ үйлер мен демалыс орындарының қызметкерлері және келушілерімен кездесулер өткізіп, өрттің алдын алу шараларын және эвакуация кезіндегі әрекеттерді түсіндірді. Білімді бекіту үшін жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды. Мамандар ережелерді бұзудың салдары материалдық шығынға ғана емес, адам өміріне төнетін қатерге де әкелуі мүмкін екеніне назар аударды.

Сондай-ақ дәстүрге сай республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Жуалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері көпбалалы отбасына көмек көрсетіп, балаларды жаңа оқу жылына дайындау үшін қажетті заттармен қамтамасыз етті. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай бастамалар сенімді нығайтуға ықпал етеді және өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығын еске салады.

Сонымен қатар Меркі ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мамандары № 9 өрт сөндіру бөлімшесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл және Спорт күніне арналған «Отбасылық спорт күні» акциясын өткізді. Ұлттық ойындардан арқан тартыс пен тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысында қызметкерлердің отбасыларына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, балаларға балмұздақ үлестіріліп, мереке ерекше көңілді өтті.

Ал жақында облыстық төтенше жағдайлар департаментінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Сенбілік барысында бекітілген аумақтар тазартылып, шөптер орылып, қоқыстар жиналып, қураған тал-дарақтар алынып, белгілі учаскелер тиісті тәртіпке келтірілді. Көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалыққа бағытталған экологиялық айлықтар ТЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар