Алаяқтар құрбаны бола жаздаған ер адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалды
- author AR-AY
- 24 тамыз, 2025
- 230
Сауда орталығындағы алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері банкомат жанында уайымдап, асығыс әрекет еткен ер адамды байқап, күмәнданған. Ол телефон арқылы сөйлесіп жатып, ірі соманы аудармақ болған.
Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар ер адамның жинақтары «қауіпте» екенін айтып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға итермелеген. Тіпті «туыстарының» даусы қосылып, сендіруге тырысқан. Полицейлер дер кезінде араласып, қаражаттың аударылуына тосқауыл қойды.
Қазір БҚО-да телефон және интернет алаяқтығының алдын алу мақсатында полиция мен күзет қызметкерлері банкоматтар мен халық көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция ескертеді: нағыз құқық қорғау органдары ешқашан ақша аударуды талап етпейді. Күмәнді қоңырау түскен жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




