Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Конституция күні: балаларға 78 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек беріледі

Конституция күні: балаларға 78 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек беріледі
istockphoto.com
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Шымкент қаласында әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға бір реттік төлемдер берілуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл бастама қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 19 наурыздағы шешіміне сәйкес жүзеге асырылуда.

Әкімдіктің мәліметінше, көмек төмендегі санаттағы азаматтарға қарастырылған:

  • Мүгедектігі бар балаларға – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға – 20 АЕК (78 640 теңге).

Төлемдер автоматты түрде аударылады. Мүгедектігі бар балаларға қаражат анасының әлеуметтік есепшотына, ал жетім балаларға – қамқоршысының атына түседі.

Сонымен қатар қала әкімдігі азаматтарға тіркеу деректерін тексеріп, уақтылы түзетіп отыру қажеттігін ескертті. Өйткені Шымкент қаласында ресми тіркеуі жоқ азаматтарға мұндай төлемдер жүргізілмейді.

Айта кетейік, әлеуметтік қолдаудың мұндай түрі қалада дәстүрлі сипат алған. Өткен жылы Наурыз мерекесіне орай төлем берілсе, биыл Конституция күніне орай ұйымдастырылып отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар