Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды

138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Автор
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Негізгі мақсат – әрбір балаға заманауи әрі қауіпсіз білім алуға қолайлы жағдай жасау.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталып, 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған мектептерде білім алмақ. Реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп толықтай жаңартылып, онда 99 мыңға жуық бала оқиды. Бұдан бөлек, 1 мыңға жуық ауылдық мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде.

Сонымен қатар робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет орнатылды. Жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу кіреді.

Бұл шаралар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға және барлық қазақстандық балалар үшін жайлы, заманауи оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар