Қордай ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңшалары ашылды
- author AR-AY
- 20 тамыз, 2025
- 251
Ашылу салтанатына аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Ғалым Алимжанов, Степное ауылдық округінің әкімі Мадияр Қарабаев, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, жергілікті тұрғындар мен ойын балалары қатысты.
Жиында сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аршат Ибрагимов: "Біздің балаларымыз – біздің болашағымыз. Олардың жақсы дамуы мен бақытты балалық шағы үшін қажетті жағдайларды жасап, оларға қолдау көрсету – біздердің міндетіміз!" - деді.

Ата-аналар бұрынғыдай балаларын аулаға жіберуге алаңдамайтындықтарын айтып, барша атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Бұл да ауыл өмірінің жаңаруын білдіреді. "Қаратаев" жеке кәсіпкерлігі мердігерлік мекемесі, алаңшалардың құрылысын сапалы әрі уақытында орындап шықты.
Айта кетейік, балалар игілігіне ашылған нысанда әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, сияқты ойын жабдықтары мен спорттық құрылғылар орнатылған. Спорт құрылғылары әртүрлі жастағы балалар үшін өте қолайлы, заманауи стандарттарға сәйкес жасалған.
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағының кепілі
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




