
Дегенмен, ауданның экономикаға қатысты кейбір салаларында көрсеткіш кері кеткен. Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Нұрадиновтың айтуынша, осы жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 74 252,8 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,6 пайызды көрсеткен. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда меже 22 443,7 миллион теңгеге артық орындалыпты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 67 026,2 миллион теңге болса, нақты көлем индексі 98,1 пайызды құраған.
– Өңдеу өнеркәсібінің қаңтар-маусым айларында ойдағыдай орындалмау себебі «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамына тиесілі аудан аумағында орналасқан «Ақбақай» филиалының кен өндіру аймақтарында кендегі алтынның құрамы төмен болуына байланысты болып отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда алтын өнімі 946 келіні құрап, меже 28 келіге аз өндірілді. Сонымен қатар «Мыңарал Тас Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі цемент өніміне сұраныстың азаюына байланысты әктас және әктас тақтатасын өндіру көлемін азайтты.
Жалпы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2025 жылдың қаңтармаусым айларында 2 863,3 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 190, 4 миллион теңгеге артық орындалып, нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрады. Оның ішінде малшаруашылығы бойынша өнім көлемі 2 860,1 миллион теңге болса, нақты көлем индексі 101,1 пайыз болып отыр. Егіншаруашылығында 2,7 миллион теңгенің өнімі өндірілсе, нақты көлем индексі – 100 пайыз . Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылдың қаңтар маусым айларында 7 100,9 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 234,8 миллион теңгеге кеміді. Осылайша нақты көлем индексі 58,3 пайызды құрады. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі қаңтармаусым айларында 5 487,3 миллион теңге, нақты көлем индексі 58,4 пайыз деңгейінде қалыптасты. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда инвестицияның нақты көлем индексінің өсу қарқыны 54,2 пайыздан 58,3 пайызға артты. Инвестицияның орындалмауына бірқатар жағдай әсер етті. Мәселен, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамны өткен жылы Мойынқұм ауданынан өтетін республикалық жол құрылысын салып, инвестициял көлемінің артуына айрықша үлес қосқан болатын. Бүгінгі таңда жол құрылысы толығымен аяқталған. Ауданда 2025 жылдың қаңтар-маусым айларына ірі инвестициялық жобалар жүргізілген жоқ. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың қаңтармаусым айларында 3 175,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда меже 16 671,2 миллион теңгеге кеміп, нақты көлем индексі 15,8 пайызды құрады. «КазАвтоЖол» акционерлік қоғамының былтыр Мойынқұм ауданынна өтетін республикалық жол құрылысын салуы инвестиция көлемін артуына септігін тигізгенімен, биылғы жылға әсері осындай болып отыр. Себебі жылдың алты айында ауданда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ. Былтырғы үлкен жолдың бойындағы құрылыс қарқыны биыл инвестиция мен құрылыс саласындағы жұмыстар көлемінің орындалмауына әсер етуде, – дейді Әлібек Нағметуллаұлы.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 2 253,0 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 165 шашы метрге артық орындалып, нақты көлем индексі 107,9 пайызды құраған екен. Ауданда бөлшек сауда айналымының көлемі 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 2027,9 миллион теңгеге жетіп, көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 174,5 миллион теңгеге ұлғайған. Нақты көлем индексі 102,5 пайызға орындалыпты. Көтерме сауда айналымының көлемі есепті кезеңде 754,3 миллион теңгені құраған. Бір айта кетерлігі, өткен жылы ауданда көтерме сауда айналымы болмауына байланысты биыл көрсеткіш жоғары орындалыпты.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ