Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жуалы ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Жуалы ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Ақәділ Рысмахан
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына аудан орталығында салынған 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысып, қоныс той иелерін құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Бас мердігер – «Бином» ЖШС. Үй бес қабаттан тұрады және 60 пәтерлі.

Облыс әкімі өңірде тұрғын үймен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

– Біз пәтер кезегіндегі тұрғындар санын азайту мақсатында жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтып келеміз. Аудан тұрғындарын баспанамен қамту бойынша аудан басшылығына нақты міндеттер жүктелді. Бүгінгі қоныс иелерін жаңа үйлерімен шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімі.

Бес баланың анасы Роза Керімбаева көп жылдар бойы пәтер кезегінде тұрғанын айтып, қуанышымен бөлісті.

– Көптен күткен арманымыз бүгін орындалды. Ұзақ жылдар бойы осы сәтті күттік. Баршаңызға көп рақмет! Сіздердің де үйлеріңізде осындай қуаныш болсын, – деді қоныс иесі.

Өткен жылы облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 759,0 мың шаршы метрді құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артқан.

Ал биыл облыс бойынша 765,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Әлеуметтік осал топтар үшін 21,5 млрд. теңгеге 1 415 пәтер сатып алу көзделуде.

Жалпы, 2024 жылы 2 830 баспана пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 3 445 отбасы баспанамен қамтылады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға артық көрсеткіш.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар