Жаңалықтар
Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды
- author AR-AY
- 11 қазан, 2022
- 226

Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Кандидатты «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ол - 46 жастағы Бақыт Маратұлы Жаңабаев.
«Осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқан кезде тек үнсіз көрермен болмай, соған қатысуға бел будым. Атақ үшін түсіп жатқаным жоқ. Барлығымыз жұмылсақ, көтермейтін жүк жоқ деп ойлаймын», - деді Бақыт Жаңабаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Өзінің айтуынша, 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.
Қазіргі уақытта ҚР Қажы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.
Келесі мақала
«Тұрғындардың талап-тілегі – басты назарда»
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«25 қазан-Республика күні: тарих һәм дерек» оқырман конференциясы өтті
- авторAR-AY
- 21 қазан, 2025