
«Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері кезекті жұмыс сапары аясында Т.Рысқұлов ауданына барып, ондағы тұрғындар тілегіне құлақ асты.
Жұмыс тобының құрамында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, мекеме қызметкерлері, Мансап және жұмыспен қамту орталықтары мен әскери сала мамандары бар.
Жоспарға сәйкес топ мүшелері ауданғас Ақыртөбе, Д.Қонаев, Көгершін, Құлан ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Жүздесу барысында ел ішіндегі толеранттық қарым-қатынас, әлеуметтік желідегі арандатушылыққа жол бермеу, жастар тәрбиесі, әскери-патриоттық тәрбие жайында сөз қозғалды.
Өз кезегінде тұрғындар да аудандағы ахуалды айтып, мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда, газ, ауызсу бағаларының шарықтап өсуі, қоғамдық жұмысқа тартылғандардың жалақысының төмендігі, жастар арасындағы жұмыссыздық, ұялы байланыс операторлары қызметінің қымбаттауы мен сапасыздығына байланысты наразылықтарын жеткізді.
Сондай-ақ, тұрғындармен кездесу аясында Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің сарапшысы Рианна Жалпанова әлеуметтік мониторинг жүргізді.
«AR-AI»-ақпарат