
Келген шетелдіктердің 90 пайызы – ТМД елдерінің азаматтары. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанға ең көп келгендер – Өзбекстаннан (2,8 млн адам), Қырғызстаннан (1,7 млн) және Ресейден (1,5 млн).
Бүгінде елімізде тұрақты тіркелген шетел азаматтарының саны 212 мыңға жеткен. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 42%-ға көп. Үш жыл бұрын олардың саны 148 мың шамасында болған. Тұрақты шетелдіктердің ең көбі Алматы қаласында – 42 мың, Алматы облысында – 32 мың, ал Астана мен Қарағанды облысында әрқайсында 17 мыңнан астам адам тұрып жатыр.
Қазақстанға визасыз кіре алатын елдердің саны – 87. Бұл туристік және іскерлік сапарларды жеңілдетіп, шетелдік қонақтар ағынын арттыруда. Сонымен қатар, 107 елдің азаматтары үшін электронды виза рәсімдеу мүмкіндігі бар. Соңғы уақытта 9 мыңнан астам электрондық виза беріліп, мемлекет бюджетіне 270 миллион теңгеден астам қаражат түскен.