Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов қола медальді еншілеп, ел қоржынына қос бірдей жүлдені салды, деп хабарлайды arainfo.kz
Спортшы Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді. Ал Дамир Шуленов таеквандо жарысында үшінші орынға жайғасып, қола медальдің иесі атанды.
Айта кетейік Германияда өтіп жатқан Жазғы Универсиада 16 шілдеде басталған болатын. Байрақты бәсеке 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғауда.
Әлемдік додада ел қоржынына қола медаль сыйлаған Айбота мен Дамирді шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі мақала
Елімізде жыл басынан бері 172 жаңа балабақша ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




