Жаңалықтар
Абайдың нақыл сөзі жазылған стендті бүлдірген ер адам сотталды
- author AR-AY
- 17 шілде, 2025
- 277
Астанада 49 жастағы ер адам Сығанақ көшесіндегі аллеяда орнатылған конструкцияны сындырып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған, деп хабарлайды arainfo.kz
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзған және мүлікті қасақана бүлдіргендерге қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.
Келесі мақала
Вегетациялық кезең жоспарлы режимде өтуде
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қаныш Әбубәкіров ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды
- авторAR-AY
- 17 қаңтар, 2026




