Бұл — ішкі туризмді дамытуға бағытталған өңірлік іссапарлардың жалғасы.
Министр Бертіс шығанағы, Торанғалық және Шұбартүбек ауылдарындағы туристік инфрақұрылыммен танысты. Қарағанды – Балқаш автожолының іске қосылуы аймаққа келетін туристер ағынын арттырған. 2025 жылдың 5-7 шілдесі аралығында көлге 60 мыңнан астам адам келген, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсім.
Сапар барысында ауызсумен қамтамасыз ету, жол сапасы, қауіпсіздік пен медициналық қызметтер, сонымен қатар қонақүйлерді санаттау мәселелері көтерілді. Қазіргі таңда Торанғалық пен Шұбартүбекте магистральды су жүйелері салынып, модульдік бекеттер орнатылуда. Жағажайлар мен су айдындарында құтқарушылар кезекшілік етуде.
Министр туристік нысандарды ресми түрде санаттау қажеттігін атап өтті. Қазір бұл бағытта заңнамаға өзгерістер әзірленуде. Туризм саласының сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді.
ҚАЖ департаменті бастығы талапкерлермен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




