Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді

Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді
2025 жылдың 10–13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан атынан халықаралық «Славян базары» өнер фестивалінде өнер көрсеткен Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева байқаудың басты жүлдесі – Гран-приді жеңіп алды.

Финалдық кезеңде Алмагүл «Вечность» композициясын шебер орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасы да жас әншінің вокалдық шеберлігі мен сахналық мәдениетіне жоғары баға берді. Екі байқау күнінің қорытындысы бойынша ол 137 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, жас та дарынды әнші. Вокалдық қабілеті ерте жастан байқалып, 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар ол аккордеон, фортепиано және укулеле сынды бірнеше музыкалық аспапты еркін меңгерген.

Өнер жолында үнемі ізденіс үстінде жүретін Алмагүл – «Жас Қанат – 2023», «Алматым жүрегімде» секілді түрлі музыкалық байқауларда өзін дәлелдеп үлгерген кәсіби әнші. Сахнаға деген ерекше құрметі мен жауапкершілігі оның өнерінен айқын сезіледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны «Славян базары» фестиваліндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, бұл жетістікті жас өнерпаздың дарыны мен табандылығының айқын көрінісі ретінде атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар