Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Заңсыз жұмыртқа импортына тосқауыл қойылады

Заңсыз жұмыртқа импортына тосқауыл қойылады
gov.kz
Сауда комитеті бақылауды күшейтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Кеңес Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтің жетекшілігімен ұйымдастырылды.

2025 жылғы 4 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің №101 бұйрығына сәйкес, ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру және демпингтің алдын алу мақсатында тауық жұмыртқаларын ел аумағына әкелуге уақытша тыйым салынған болатын.

Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі, Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Ветеринариялық бақылау комитеті, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан құс өсірушілер одағының өкілдері қатысты.

Жиын Қазақстан құс өсірушілер одағынан түскен өтініштерге негізделді. Онда кейбір сауда орындарында мемлекеттік бақылаудан тыс сатылып жатқан импорттық жұмыртқалар туралы деректер келтірілген. 2025 жылдың маусым айында жүргізілген мониторинг барысында таңбаланбаған немесе контрабандалық сипаттағы өнімдердің бірқатар өңірлерде сатылып жатқаны анықталды. Бұл жағдайлар адал бәсекеге зиянын тигізіп, тұтынушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Айдар Әбілдабеков барлық мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, бұзушылықтарға жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін тиімді мониторинг тетіктерін енгізу қажет екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының айналымына бақылауды жетілдіру және уақытша шектеу шаралары енгізілген өнімдер бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірлескен жұмыс жалғасатын болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар