Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді
istockphoto.com
Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында өңірде 249 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды arainfo.kz

Оның ішінде 115 қылмыс және 134 қылмыстық теріс қылық бар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 дерекке көп. Заңсыз айналымнан 1 тонна 882 келі есірткі тәркіленді.

Облыс аумағынан өзге өңірлерге есірткі тасымалдаудың 11 арнасы тоқтатылып, 150 келіден астам марихуана мен 130 келі гашиш тәркіленді. 12 күдікті ұсталды. Сонымен қатар, синтетикалық есірткімен айналысқан 14 адам жауапқа тартылып, 10 келіден астам синтетикалық есірткі мен 2 тоннаға жуық прекурсор алынды. Бір есірткі зертханасы анықталды.

Синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау мақсатында «Кибернадзор» арқылы 1983 сайт бұғатталып, «Антифрод» жүйесі арқылы 1500 банк шотына тосқауыл қойылды. 50 млн теңгеден астам қаржының шығынына жол берілмеді. Сонымен бірге 225 граффити-жазба жойылды.

1 маусымнан бастап облыс аумағында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық операциясы жүріп жатыр. Алғашқы бір айда 1200 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды. Жыл басынан бері 45 мыңнан астам оқушыны қамтыған 500-ден аса түсіндіру шарасы өткізілді. Есірткіге қарсы күрес шаралары жалғасуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар