Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда 1 245 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар

Жамбылда 1 245 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар
ашық дереккөз
Жамбылда 1 245 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар

Өскелең ұрпақ – жарқын болашақтың ең басты байлығы, асыл қазынасы, келешектің кепілі. Мұндай пікірді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева айтты.

Оның мәліметінше, салалық басқарма «Бала құқықтары туралы» халықаралық конвенция негізінде балалардың білім саласындағы құқықтарын қорғау жұмыстарын жүргізеді.
Осы мақсатта әрі Балалар жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше атап өтуге болады. Оның үстіне, биылғы 18 шілдеде Жамбыл облысы әкімінің өкімімен  балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды. Жалпы, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бөлігі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, - деп атап өтті ол.
Айдын Орынбекқызының деректеріне қарағанда, бүгінде Жамбыл облысында 0-18 жас аралығындағы балалар саны 442 280-нің шамасын құрайды. Оның 1 245-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады. Бұл көрсеткіш былтыр 1 295 болған екен. 930-ы Тараз қаласы мен аудандардағы қорғаншылық пен қамқоршылықтағы жеткіншектер болса, 135-і патронаттық тәрбиедегі жасөспірімдер.
Балаларды қабылдайтын 20 отбасында 75 бала тәрбиеленіп жатыр. 18 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 65 бала бар. Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына 64 жеткіншек жіберілді. «Үміт» бөбектер үйінің қамқорлығына 8 бүлдіршінді бердік. Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінде 66 жасөспірім тіркелген, алайда нақты тұрып жатқаны – 39, оның 14-і кәмелетке толмаған. №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 19 бала тәрбиеленуде, - деді жауапты маман.
Ол кәмелетке толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және оларды есепке алу мақсатында жүйелі шаралар қолға алынғанын атап өтті. Мәселен, биылдыққа осындай 120 бала анықталып, бастапқы есепке алынған. Олардың 78-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 1-еуі патронаттық тәрбиеге беріліп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге 34 бала орналастырылған. Соңғы күндері тағы 8 бала белгілі болып, отбасына орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биыл арнайы мекемелерден 9-сыныпты бітіріп шыққан 7 түлек өз қызығушылықтары бойынша мамандықтарын таңдап, колледждерге мемлекеттік грант есебінен оқуға түсті. Бұл орайда, «Тараз-сервис», «Асапара», Жамбыл жоғары политехникалық колледждерін таңдағандардың қатары көп болғанын атап өткен жөн, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айдын Досыбаева бала құқығын қорғау – қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын білім бөлімі жұмысының бірден-бір бағыты екенін де жеткізді. Қазіргі таңда аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдар саны 570 болса, оларда 57 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 91,5 %-ды, 2-6 жас аралығында – 94,1 %-ды, 3-6 жас аралығында толықтай қамтиды.
Өңірдегі күндізгі 443 мектепте 237 641 оқушы білім алып жатыр. Ағымдағы жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін 2,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Ал жалпыға міндетті білім беру қорынан аталған санаттағы балаларға 5,2 млрд теңге шамасында қаражат қаралды. Бұл соманың игерілеуі туралы айтатын болсам, 47 601 баланы ыстық тамақпен қамтуға 3,1 млрд теңге қаралса, 46 128 оқушыға киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға 1,7 млрд теңге жұмсалды. 39 142 баланың жазғы демалысына 39,1 млн теңге жоспарланып, сол мақсатта игерілді. Бұлардан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 1 518 балаға 28 млн 710 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді, - деді спикер.
Айдын Орынбекқызының айтуынша, аймақта балалардың қосымша білім алуына ерекше назар аударылған. Мектептен тыс мекемелердің саны соңғы 3 жылда 4 бірлікке артқан. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өңірдегі 78 мектептен тыс мекемеде 68 570 оқушы қосымша білім берумен қамтылған. Олар 60 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер мен 11 қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне барады. Қосымша біліммен қамтылған балалардың саны былтырғымен салыстырғанда 774-ке көбейген.
Мамыр айының соңында Тараз қаласында «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Ол мекемеде 8 мыңға жуық оқушы түрлі үйірмелерге қатысады. Айта кетейін, 2020 жылы Жамбыл ауданында 500 орындық Техникалық шығармашылық орталығы, өткен жылы Шу ауданында 600 орындық Оқушылар сарайы, Тараз қаласында 300 орындық Балалар шығармашылық орталығы, 500 орындық «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайы балалардың игілігіне берілген болатын. Сонымен қатар мектептердегі 3 543 спорт секцияларына 101 356 оқушы барады. Жалпы, Жамбыл облысында қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі 83,7 %-ды құрайды, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Ол осы оқу жылында ерекше білім алуды қажет ететін 7 898 бала анықталғанын атап өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр. Мұның ішінде 3 мыңнан астам баланың мүгедектігі бар. 3 398-і мектеп жасына дейінгі балалар, 4 500-і мектеп жасындағы балалар. Оның 5702-і біліммен және тәрбиемен қамтылған.
Мектепке дейінгі мекемелерге ерекше қажеттілігі бар балалардың 2 256-сы барады. Жалпы білім беретін мектептер бойынша ерекше қажеттілігі бар балалар саны – 3396. Техникалық және кәсіптік колледждерде 162 осындай студент кәсіптік білім алып жатыр. Өңірде 4 арнайы түзету мектеп-интернаттары, 6 психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациялары, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталығы, 5 инклюзияны қолдау кабинеті, аутизм орталығы ашылған. 395 мектепте және 180 балабақшада инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, - деді Айдын Досыбаева.
Спикер осы тұста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты мәселе екендігін жеткізді. Облыстағы 443 мектептің, 438 балабақшаның барлығында бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнебақылау камералары орнатылған 443 мектепте 9 296 дана бейнебақылау камерасы бар. Олардың 3 371-і ғимараттың сыртында, 5 925-і ғимараттың ішінде орналасқан. 65 мектепке турникеттер орнатылды, 137 білім ошағында «Дабыл түймелері» бар.

BAQ.kz

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар