Қоғам
Жыл сайын 100 мың жас мемлекеттік қолдау алатын болады – министр
- author AR-AY
- 11 қазан, 2022
- 152
Жыл сайын 100 мың жас мемлекеттік қолдау алатын болады – министр
Еңбек министрі алдағы үш жылда іске асатын жобалармен таныстырды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы жұмыспен қамту туралы тапсырманы және жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін алдағы үш жылда мынадай нақты шаралар қабылдауды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, Отбасының цифрлық картасын қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту саласында проактивті қызмет көрсету. Бұл тәсіл 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін болады, – деді Тамара Дүйсенова.Сөзінше, электронды еңбек биржасының базасында тоқсан сайын бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өткізіледі.
Электронды еңбек биржасы Жоғары және орта оқу орындарында жұмыс істейтін мансаптық орталықтарға орнатылады, – деді министр Үкімет отырысында.Сондай-ақ министрдің айтуынша, жыл соңына дейін Электронды еңбек биржасы мобильдік қосымшасын да іске қосу жоспарланған. Осылайша, Электронды еңбек биржасы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің жолын тоғыстыратын кездесу алаңына айналуға тиіс. Екіншіден, жыл сайын кемінде 100 мың жасты олардың оқуына, жұмысқа орналасуына және жеке іс ашуына көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларына тарту жоспарлануда.
Индикаторлар уәкілетті органдармен бірге пысықталып, өңірлерге берілді. 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында бұл шараларды іске асыру үшін 534 миллиард теңгеден астам қаржы көзделген, – деді Тамара Дүйсенова.