
Парламент палаталарының депутаттары каникулға шықты, деп хабарлайды arainfo.kz
Сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылып, депутаттар жазғы демалысқа кетті. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл кезеңді өкілеттіктің бел ортасы деп атап, Парламент Мемлекет басшысының "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласын жүйелі жүзеге асырып келе жатқанын айтты.
Оның айтуынша, депутаттар президенттік реформалардың алғы шебінде жүріп, ел мүддесіне негізделген стратегияны басшылыққа алған. Парламенттің күнделікті жұмысы реформаларды нақты іспен қолдауға бағытталған.
Келесі мақала