
Сенбі күні Бейжіңде Қытай тарихында тұңғыш рет роботтардың қатысуымен футбол турнирі ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz сайты
Синьхуа агенттігі таратқан суреттерде жасыл және күлгін жейде киген роботтар ойнап жатқаны көрінеді. Дегенмен жарыстың қандай есеппен аяқталғаны хабарланбаған.
Қытайда бұл роботтар қатысқан алғашқы шара емес. Бұған дейін Цзянсу провинциясында жасалған Сяотао есімді робот Ханчжоудағы компанияға «оқуға» жіберіліп, әуежай, дәріхана және сақтау орталықтарында түрлі тапсырмаларды орындай бастаған.
Сондай-ақ елде гуманоид роботтардың алғашқы жекпе-жегі өтті. Unitree G1 компаниясының 1,32 метрлік, 35 келілік флагмандық роботы жетілдірілген қозғалыс пен есептеу жүйесіне ие.
Одан бөлек, сәуір айында Бейжіңде роботтар марафоны да өткен болатын.
Келесі мақала