Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанның жаңа көлік министрі тағайындалды

Қазақстанның жаңа көлік министрі тағайындалды
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды", делінген хабарламада.

Еске салайық, 8 маусым күні Марат Қарабаев Көлік министрі қызметінен босатылды. Бұған дейін, 14 мамырда көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарабаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы жекеменшік коммерциялық компанияның басшысы ретінде бастап, бұл қызметте 1997 жылға дейін жұмыс істеген.

1997–1998 жылдары – Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

1998–2000 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РМК департаментінің директоры.

2000–2002 жылдары – "Қазахойл" ЖАҚ құрамындағы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ-ның қайта жаңғырту жобасын басқару тобының басшысы, бірінші вице-президенті және бас менеджері.

2002–2004 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЗАҚ инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

2004–2007 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС-нің бас директоры.

2007–2010 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2010–2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директоры.

2011–2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарған.

Кейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде болды.

2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетін басқарды.

2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар