
Іс-шара барысында өңірдің танымал тұлғалары – жазушы, публицист Көсемәлі Сәттібайұлы, профессор Сейсекүл Исматова, композитор Дүйсенәлі Бықыбаев және ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы – ақынға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олар отанына оралғанына 30 жыл толуына орай, оның шығармашылық жолын ерекше атап өтіп, Арқа мен Алатаудың арасын жалғаған рухани көпір ретіндегі рөлін жоғары бағалады.
Кеш көрермендері үшін Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Маралбек Бабақұлов, Қайсар Көкішов пен Айнұр Атаниязова «Жаңарған Жамбыл» және «Ауылым» әндерін орындады. Сонымен қатар, саксофонда орындалған Әлібек Молдыбаевтың «Құстар» композициясы кешке ерекше үн қосып, әсерлі сәттер сыйлады.
Ақсұңқар Ақынбаба өзінің бірнеше танымал өлеңдерін – «Біз – Түркілерміз!», «Мынау дала...», «Сен екеуміз», «Ізде мені», «Бәрі жақсы болады», «Өмір, сені шын сүйдім...», «Керемет неткен!» – нақышына келтіре оқып, көрерменмен сыр бөлісті. Сондай-ақ, «Қыз бен жігіт» поэтикалық диалогы мен Анна Ахматованың «Бәрі адыра» өлеңінің қазақша аудармасын шеберлікпен орындады.
Төртінші билік тұғырынан таймасын
Ұқсас жаңалықтар
Ел тұрғындарының 40 пайыздан астамы спортпен жүйелі түрде шұғылданады
- авторAR-AY
- 30 маусым, 2025