Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырушыларға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырушыларға үндеу жасады
polisia.kz
Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды arainfo.kz

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қауіпті пранктер мен экстремалды видеолар көбейіп барады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай әрекеттерге байланысты 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Астанада блогерлер лифт ішінде «мәйіт» тасып, «балтамен шабуыл» ұйымдастырған. Бұл көрініс жолаушыларға шок әсерін берген, нәтижесінде қатысушылар 15-30 тәулікке қамалды. Алматы облысында көлік үстінен секірген жігіт ауыр жарақат алып, көз жұмды.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев: «Қатыгез пранктер – бұл өнер емес, бұл – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп мәлімдеді.

Министрлік азаматтарды интернеттегі әрекеттері үшін де жауапкершілікпен қарауға шақырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар