Қазақ жігіті АҚШ-та өртеніп кете жаздаған адамды құтқарды
- author AR-AY
- 26 маусым, 2025
- 35

Ол Лос-Анджелес маңында болған жол апатынан кейін жалынға оранған көліктен жүргізушіні аман алып шықты.
Оқиға куәгері, актриса Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан құлап, бірден өртене бастаған. Дәл сол сәтте Санұржан еш ойланбастан көмекке ұмтылып, от ішіндегі адамды сыртқа сүйреп шығарған.
Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметі жеткенше Санұржан жаралы жүргізушінің жанында болып, моральдық қолдау көрсеткен.
Өз парақшасында актер бұл оқиғаға қатысты қысқаша пікір білдірді:
— Есте қалар күн болды. Бәрі жақсы. Жарақат алған жоқпын. Өмірімізге жауапкершілікпен қарап, бір-бірімізге қамқор болайықшы, – деп жазды Санұржан Сүлеймен.
Желі қолданушылары мен әріптестері актердің бұл әрекетін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдіруде. Көпшілік Санұржанды «нағыз батыр» деп атауда.