Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерлікпен есімі егіз Бауыржан

Ерлікпен есімі егіз Бауыржан
Автор
Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында 2021 жылы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімінде орын алған жарылыс кезінде қаза тапқан өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты еске алу кеші өтті.

«Халық қаһарманы – халқының жүрегінде» тақырыбында өткен іс-шараға облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы штаб басшысының міндетін атқарушы, подполковник Берік Сапарбаев және Бауыржан Талғатұлының әкесі Талғат Даутбаев пен анасы Фатима Агибетова және жары Дильназ Данаева балаларымен қатысты.

Батырдың ерлігіне құрмет көрсетіп, ата-анасына алғыс айтқан зиялы қауым өкілдері сол бір қасіретті жылда жанқиярлықпен қаза тапқан Бауыржан Талғатұлы туралы ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, жақында ғана Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі мерейлі 60 жасқа толған болатын. Кеш қонақтары батырдың әкесіне де құрмет көрсетіп, арқасына шапан жапты.

Кездесу соңында сөз алған батырдың әкесі мен анасы бауыр еті балаларының бақилық болғанына сене алмайтынын айтып, көз жастарына ерік берді.

Ал іс-шара соңында облыстық филормония әншілері өнер көрсетті.

 

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар