Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
gov.kz
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мәлімдемеде АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери әрекеттердің салдарына алаңдаушылық білдіріліп, бұл жағдай халықаралық тұрақтылық пен, әсіресе, әлемнің осы бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретіні атап өтілді.

«Қазақстан Каспий маңы елдерінің қатарына жатады және Иранмен әртүрлі бағыттар бойынша сындарлы ынтымақтастық орнатқан. Біз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді де, БҰҰ Жарғысына сәйкес бейбіт келіссөздер арқылы шешу қажет деп санаймыз», – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Қазақстан барлық мүдделі тараптарды ядролық қарудың таралуына жол бермеуге және таратпау режимін сақтау негізінде, халықаралық бақылау аясында қауіпсіздікке кепілдік беретін келісімді жедел әзірлеуге шақырды.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар