
Тілді ардақтау – азаматтық қасиет, себебі ол ұлттық құндылықты, мәдени мұраны және дәстүрлерді сақтаудың негізі болып табылады. Тілді құрметтеу – бұл тек тілдік нормаларды сақтау ғана емес, сонымен қатар оны дамыту, насихаттау және келешек ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Тілдің қадірін түсіну, оны қолдану, әдебиет пен өнерде, ғылым мен білімде насихаттау – әрбір азаматтың міндеті. Тіл арқылы біз өз ойымызды, сезімімізді, мәдениетімізді білдіреміз. Сондықтан тілге деген құрмет – әр азаматтың, қоғамның, мемлекеттің жауапкершілігі. Тіл – қашанда ұлттың ұйытқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашанда биік.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеу үшін, ең алдымен, тілді білуге деген сүйіспеншілік пен махаббат туындауы керек деп ойлаймын.
Тілді ардақтау – ұлттық бірлікті нығайту, мәдениетімізді әлемге таныту, жастарға өз тілінде білім алу мүмкіндігін беру. Осылайша тіл – біздің рухани байлығымыз, ал оны ардақтау – біздің азаматтық борышымыз. Тіл – адамзаттың ең маңызды коммуникациялық құралы. Ол адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, ой-пікір алмасуына, мәдениет пен дәстүрді сақтауға мүмкіндік береді. Тіл – тек сөздер мен грамматикалық құрылымдардың жиынтығы емес, ол халықтың рухани байлығы, тарихы мен мәдениетінің айнасы.
Тіл – халықтың мәдениетін, дәстүрлерін, тарихын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін құрал. Әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері мен құндылықтары бар.
Қазақстанда өмір сүретін әр азамат елін, ұлтының рухын ойласа, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет. Қазақтың «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген керемет нақыл сөзінде айтылғандай, тілдің құдіретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек.
Бибігүл СЫПАТОВА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
қазақ тілі пәнінің оқытушысы