Жаңалықтар
Ұлттық ойындар күніне орай сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті
- author AR-AY
- 19 маусым, 2025
- 196

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Ұлттық ойындар күніне орай спорттық шара өтті.
Іс-шараға сотталған азаматтар қатысып, арқан тарту, асық ату, белбеумен күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен жарысты. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қатысушыларды Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетімен таныстыру. Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне оң әсер етіп, көпұлтты қоғамға құрмет пен толеранттылықты арттырады. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына шетелден қанша турист келеді?
- авторAR-AY
- 29 қыркүйек, 2025