Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды
- author AR-AY
- 19 маусым, 2025
- 5

Мекемедегі жасақ бастықтарының ұйытқы болуымен өткен шара барысында сотты болған азаматтар қол күресі, асық ату, қол күресі және өзге де сайыстардан өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысында белсенділік танытып, жүлделі орындар иеленген қатысушылар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
– Бұл шараны өткізудегі басты мақсат – арнайы контингент өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрі олардың уақытын тиімді өткізу. Шын мәнінде, сотты болғандардың түзелу жолына тезірек түсуінк спорттық және мәдени шаралардың ықпалы зор. Жазасын өтеушілерге оң әсер ететін мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді мекеме бастығының жалпы сұрақтар және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Ерлан Әбдібай.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025