Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шілде басында "Астана – Бурабай курорты" бағытына жаңа электр пойызы жолға шығады

Шілде басында "Астана – Бурабай курорты" бағытына жаңа электр пойызы жолға шығады
rail-news.kz
Жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында "Жолаушылар тасымалы" АҚ шілде айының басында Астана – Бурабай курорты бағытына жаңа электр пойызын пайдалануға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Пойыз бірінші, екінші және үшінші класты алты вагоннан тұрады және 374 жолаушыға арналған. Қазіргі уақытта барлық техникалық тексерулерден өткен пойыздың құжаттары Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес рәсімделуде.

Жаңа құрамның дизайнында инклюзивтілікке баса назар аударылған. Барлық класта биодәретханалар қарастырылған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабиналар мен платформалық көтергіштер бар. Сонымен қатар, егде жастағы жолаушылар мен балалармен саяхаттайтын отбасылар үшін автоматты аяқ тіректері орнатылған.

Пойыздағы әрбір орын USB-қосқыштармен жабдықталып, жолаушыларға құрылғыларын қуаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, салқын сусындар мен жеңіл тағамдар ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Астана – Қарағанды" бағыты бойынша Comfort+ форматындағы алты вагонды электр пойызын іске қосқан болатын. Ол 576 жолаушыға арналған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар