Жаңалықтар
Павлодарда тойға барған 20 адамнан ішек инфекциясы анықталды
- author AR-AY
- 19 маусым, 2025
- 21

Бұл туралы КТК арнасы айтты, деп хабарлайды arainfo.kz
Жуырда бір тойханада әртүрлі күндері қонақ болған 30 адамнан инфекция белгілері анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, 7 маусымда өткен үйлену тойынан кейін адамдар жаппай шағымдана бастаған. Келесі күні дәл сол мейрамханада басқа жиынға қатысқандар да уланған.
Жалпы 20 адам ауруханаға жатқызылып, 14-і үй жағдайында ем қабылдаған. Барлығы іш өту, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі секілді белгілерге шағымданған.
Тексеру барысында тойхананың санитарлық рұқсатсыз жұмыс істеп келгені және 7 қызметкерінің медициналық тексеруден өтпегені белгілі болды. 8 маусымда мекеменің жұмысына тыйым салынса да, сол күні тағы бір той өткізілген. Қазір сараптама нәтижелері полицияға жолдануда.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025
Жаңалықтар
Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025