ҰБТ-дан 140 балл жинаған тағы бір алматылық оқушыға пәтер берілді
- author AR-AY
- 19 маусым, 2025
- 283
Ол бұл нәтижеге жетуге екі жылын арнағанын айтады. Айтуынша, 10-сыныпта ағылшын тіліне, ал 11-сыныпта тарих пәніне баса назар аударған. Айшаның арманы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болу. Ол Сүлеймен Демирель университетінің "Екі шет тілі" мамандығына түспек.
Айша – отбасындағы үлкен бала, артында екі інісі бар. Пәтер кілтін алған сәтте қуаныштан көзіне жас алып, ұстаздары мен жақындарына алғысын білдірді.
Мектеп директоры Мұхит Нәметқұловтың айтуынша, жыл басында мектеп құрылтайшысы ең жоғары балл алған оқушыға пәтер сыйлауға уәде берген. Бұл бастама оқушыларға зор мотивация болған. Биыл мектепті 147 оқушы бітірсе, оның 100-ден астамы жоғары балл жинаған. 15 түлек – үздік аттестат, 9-ы – "Алтын белгі" иегері атанған.
Мектеп үш жыл бұрын ашылған. Осы уақыт ішінде ең жоғары көрсеткіш – алғаш рет 140 баллға жетіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Енді inDrive пен ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жол кедергілері туралы бірлесе ескертеді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2025




