Семейде оқушыны соққыға жыққандардың ата-анасы ата-ана құқығынан айырылды
- author AR-AY
- 17 маусым, 2025
- 195
Семейде 2025 жылдың ақпанында 6-сынып оқушысын ұрып-соққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты іс қаралды. Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты ата-аналық құқықтарды айыру және шектеу бойынша үш істі қарады.
Сот отырыстары Семей әкімдігі жанындағы комиссияның талап арызы негізінде өтті. Алты жасөспірімнің ата-анасының үшеуі шешімге шағым түсірсе, қалған үшеуіне қатысты сот үкім шығарды:
- Бір қыздың анасы ата-аналық құқықтарынан айырылды;
- Екінші анаға қатысты талап жартылай қанағаттандырылды;
- Үшінші жасөспірімнің әкесіне ата-аналық құқығы сақталғанмен, шектелді.
Шешімге ата-аналардың ішімдікке салынуы, әкімшілік жазаларға ілігуі, полиция мен наркологиялық есепте тұруы және бала тәрбиесіне араласпауы себеп болды.
Сондай-ақ алимент пен мемлекеттік баж өндіру туралы шешім шықты. Қазір екі қыз мемлекеттік қорғаншылық органының қарауында.
Бұған дейін бұл оқиғаға байланысты оқушылар арнайы мектепке жіберіліп, мектеп директоры қызметінен босатылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады
- авторAR-AY
- 16 желтоқсан, 2025
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні: Үздіктер марапатталды
- авторAR-AY
- 15 желтоқсан, 2025




