Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Негізгі мақсат- энергетикалық қауіпсіздікті арттыру

Негізгі мақсат- энергетикалық қауіпсіздікті арттыру
Автор
Қазақстанда атом энергетикасы саласындағы маңызды кезеңдердің бірі – алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу жобасы бойынша халықаралық консорциум көшбасшысының айқындалуы – өз мәресіне жетті. Бұл үдеріс Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің үйлестіруімен, ашықтық пен бәсекеге қабілеттілік қағидаттары негізінде жүзеге асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, көміртегі шығарындыларын азайту және елдің энергетикалық теңгерімін әртараптандыру болып табылады. Осы ретте жетекші ядролық технология өндірушілерімен – Ресейлік «Росатом», Қытайлық CNNC, Франциялық EDF және Оңтүстік Кореялық KHNP компанияларымен келіссөздер жүргізіліп, олардың әрқайсысы кешенді техникалық және коммерциялық ұсыныстарын ұсынды.

Бағалау үдерісі халықаралық стандарттарға және отандық мүддеге сәйкес құрылып, Assystem компаниясымен бірлесіп әзірленген әдістемеге сүйенді. Құрылыс құны, жобаны іске асыру мерзімі, жергіліктендіру деңгейі, кадр даярлау, қаржыландыру модельдері және технологиялық қауіпсіздік сынды бірқатар маңызды критерийлер ескерілді.

Талдау нәтижелері бойынша, «Росатом» ұсыныстары ең жоғары бағаланып, жобаны іске асыру бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде танылды. Бұл шешім – жан-жақты сарапталған, ұзақмерзімді тұрақтылық пен тиімділікке бағытталған қадам. Қазіргі уақытта Ресей тарапымен мемлекеттік экспорттық қаржыландыру мәселелері талқылануда.

Энергетикалық сала мамандары үшін бұл тек технологиялық серпіліс қана емес, сондай-ақ халықаралық тәжірибемен интеграцияланудың нақты көрінісі. Аталған жоба болашақтағы энергетикалық саясат пен ғылым-білімді дамытуға ықпал ететін маңызды фактор болмақ.

Эльмира Абдинова,

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар