Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Дональд Трампты туған күнімен құттықтады
- author AR-AY
- 14 маусым, 2025
- 134

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Титаниктің» әнін жазған композитор Қазақстанға алғаш рет келді
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Жаңа жылдық безендірусіз кеткен 8,4 млн теңге: әкім ескерту алды
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025