Биыл 656,9 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді
- author AR-AY
- 13 маусым, 2025
- 30

Облыс бойынша 659,9 мың гектарға ауылшаруашылы дақылдары орналастырылды. Бұл ретте егіс алқабын әртараптандыру аясында өсіруге тиімді, шығыны аз, пайдасы жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық берілді.
Атап айтқанда, 198,9 мың гектарға – жаздық масақты дәнді дақыл, 40,6 мың гектарға – майлы дақыл, 5,6 мың гектарға – қант қызылшасы, 8,9 мың гектарға – картоп, 34,9 мың гектарға – көкөніс, 14,0 мың гектарға – бақша дақылдары, 18,8 мың гектарға – дәндік жүгері, 1,5 мың гектарға – сүрлемдік жүгері, 25,3 мың гектарға – көпжылдық және 3,7 мың гектарға біржылдық шөп егілді.
Көктемгі егіс жұмыстарына 8 мыңнан аса ауылшаруашылығы техникасы тартылды. Тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары уақытылы орындалды.
Үкімет тарапынан бөлінген 19,9 мың тонна дизель отынының 13,7 мың тоннасы өңірге жеткізіліп, 9,9 мың тоннасы шаруаларға таратылды.
Жоспарланған 99,6 мың тонна минералды тыңайтқыштың 50,4 мың тоннасы 252,2 мың гектар алқапқа ендірілді.
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған «Кең дала 1» және «Кең дала 2» бағдарламаларымен 4,1 миллиард теңгеден астам қаржыға өтінімдер түсіп, оның 3,5 миллиард теңгесі шаруаларға аударылды.
2024 жылы су үнемдеу технологиялары 55,4 мың гектар жерге қолданылған болса, биыл бұл көрсеткіш 11,1 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 66,5 мың гектарға жетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі