Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қоршаған ортаны қорғау – ортақ жауапкершілік

Қоршаған ортаны қорғау – ортақ жауапкершілік
Автор
Байзақ ауданының Көктал ауылында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Игі іс-шараны «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалы, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Көктал орта мектебі, №7 орта мектеп және Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназия бірлесіп өткізді. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Іс-шара аясында оқушылар мен қатысушыларға арналған «Eco-Art» көрмесі ұйымдастырылып, экологиялық мәселелерге арналған шығармашылық туындылар ұсынылды. Сонымен қатар, тұқым егу, суару және өсімдікті күту бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар экологиялық тәрбиенің маңызын іс жүзінде көрсетті.

Акция соңында көшеттер суарылып, мектеп ауласы абаттандырылды. Ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табысталып, барлық қатысушылар табиғатқа қамқор болуға үндейтін «Таза болса табиғат – аман болар адамзат!» ұранын бірге айтты.

Бұл акция – өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды бастама болды.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының
баспасөз хатшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар