Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мойынқұм аудандық қоғамдық кеңесінде маңызды мәселелер қаралды

Мойынқұм аудандық қоғамдық кеңесінде маңызды мәселелер қаралды
Автор
Жуырда Мойынқұм аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы Сағынғали Аманов төрағалық етті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімдігінің бас инспекторы Ғазизбек Сырымбетов, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Гүлнұр Сейдуалиева ZOOM бейнебайланысы арқылы қатысты.

Отырыста бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті сала басшыларының есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға нақты сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Күн тәртібінде аудан көлеміндегі қоғамдық тәртіптің жай-күйі; мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру; жер қатынастары бөлімінің қызметі; ауданның жаңа логотипі жобасы; бірқатар ауылдық округ әкімдерінің хабарламалары қаралды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Бағлан Жүнісбеков, Жұманазар Көдеков және Шахикерім Исабеков ауылдағы қоғамдық тәртіп, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және мал ұрлығының алдын алу мәселелері бойынша нақты ұсыныстарын білдіріп, бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуын бақылауды тиісті мекемелерге тапсырды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес төмендегідей шешімдер қабылдады:

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевтың қоғамдық тәртіп туралы, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевтың жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты және аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Эльдар Кокушевтің есептері назарға алынды.


Сонымен қатар Мойынқұм ауданының жаңа логотипі жобасы мақұлданды.
Биназар және Хантау ауылдық округтері әкімдерінің хабарламалары тыңдалды.

Отырыста мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар да қабылданды. Атап айтқанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тұрғындарға электронды қызмет көрсетудің артықшылықтарын кеңінен түсіндіру, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын халыққа жеткізу бойынша тұрақты кездесулер ұйымдастыру, қызмет көрсетуден бас тарту кезінде нақты себептерді заңнамалық негіздерге сілтеме жасай отырып көрсету назарға алынды. Сондай-ақ бас тартуға негіз болған жағдайда қызмет алушымен тыңдалым рәсімдерін өткізу, қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібінің бұзылмауын бақылау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы жүйелі түрде жариялап отыру, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жандандырып, оның халық арасында қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныс қабылданды. Аталған ұсыныстар мен қабылданған шешімдер қоғамдық бақылауды күшейтіп, жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.



Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,
журналист

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар