Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл елімізде егіс науқаны алғаш рет мерзімінде аяқталды

Биыл елімізде егіс науқаны алғаш рет мерзімінде аяқталды
АШМ
2025 жылы елімізде егіс науқаны алғаш рет белгіленген мерзімінде сәтті аяқталды. Бұл жетістік қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет фермерлерді қаржыландыру тетігін қайта қарап, жеңілдетілген несиелерді көктемде емес, алдын ала – 2024 жылдың желтоқсанынан бастап қолжетімді етті. Бұл шешім шаруаларға қажетті ресурстарды ертерек сатып алып, көктемгі дала жұмыстарына уақтылы кірісуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдау, диқандар мен жергілікті билік өкілдерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде егіс жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп, негізгі дала жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл өз кезегінде стратегиялық маңызды дақылдардың көлемін ұлғайтып, техникалық базаны жаңартуға жол ашты. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және болашақта мол өнім алуға берік негіз қаланды.

2025 жылғы егіс науқаны еліміздің егіншілік саласында жаңа тәсілдермен өтті. Оның басты ерекшелігі – ауыл шаруашылығын әртараптандыру және бір ғана дақылға тәуелділікті азайту. 6 маусымдағы жағдай бойынша жоспарланған 23,7 млн гектар жердің 100%-ына дән себілді.

Климаттық өзгерістерге бейім, тиімді дақылдарға басымдық беріліп, егістік құрылымы қайта қаралды. Бұл ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесін сақтауға және нарық сұранысына бейімделуге жол ашты.

Сұранысқа ие дақылдардың егіс көлемі айтарлықтай артты:

* майлы дақылдар – 3,4 млн га (+0,5 млн га),
* мал азығы дақылдары – 3,3 млн га (+114 мың га),
* дәндік жүгері – 167,5 мың га,
* көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың га.

Әлеуметтік маңызы бар дақылдардың ішінде картоп алқаптары 83,4 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,3 мың гектарға көбейді.

Сол сияқты, ресурсты көп қажет ететін және баға өзгерісіне тәуелді дақылдардың егіс көлемі қысқартылды. Атап айтқанда, бидай алқабы 13 млн гектарға дейін төмендеп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 187 мың гектарға аз.

Егісті әртараптандыру стратегиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Биылғы егіс науқанына республика бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалып, шаруалардың уақытында және үзіліссіз жұмыс істеуіне толық жағдай жасалды.
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар